Сүйінші !!!

14/06/2012 13:42

Түлектеріміз тағы бір асуды бағындырды

        2012 жылдың 1-12 маусым аралығында еліміздің түкпір-түкпірінде ҰБТ сынағы өтіп, өз мәресіне жетті. Атырау облысы бойынша біздің қазақ-түрік лицейі мектептер арасынан 1-орынды иеленді. Лицейіміздің ҰБТ сынағы бойынша орташа ұпайы - 106 ұпай. Атырау облысы бойынша осындай жоғары нәтиже көрсеткені үшін лицей ұжымы мен оқушылардың еңбегі ерен екені сөзсіз.

        Лицейлер арасында жасалған рейтинг бойынша ең жоғарғы көрсеткішпен  алғашқы ондыққа төмендегі лицейлер қол жеткізді:

  1. Қарағанды қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ – түрік ерлер лицей – интернаты -106,5 балл;
  2. Атырау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты – 106,2 балл;
  3. Петропавл қаласы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты – 106,2 балл;
  4. Жамбыл облыстық Айша бибі атындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты – 105 балл;
  5. Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандырылған қазақ-түрік лицей – интернаты – 104,6 балл;
  6. Астана қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі – 102,6 балл;
  7. Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты – 102, 4 балл;
  8. Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі – 100,7 балл;
  9. Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты – 100,1 балл;
  10. №9 дарынды балаларға арналған Қызылорда облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты -99,9 балл.

     Біз өз тарапымыздан ҰБТ сынағында өз білімдерімен оза шапқан түлектеріміз бен олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

    Барлық түлектерімізге ақ жол тілейміз. Болашақта да алған білімдері мен тәрбиелерін егемен еліміздің игілігіне  жұмсайтын, ел тұтқасын ұстар нағыз азамат пен азаматшалар болатынына  сенімімізді білдіреміз.
Back