Екі ел арасындағы өзара келісім шарт

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 маусымда №974 қаулысымен бекітілген, 1997 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы Хаттама негізінде Қазақстан Республикасында Халықаралық қоғамдық "КАТЕВ" қорының басшылығымен қазақ-түрік лицейлері қызмет етуде.

Атырау қазақ-түрік лицейі

      Қазақстан Республикасы Азматтық кодексінің 105-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы №389-1 "Білім туралы" Заңының 32-бабы 1, 9-тармақшаларының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы №3002 "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" өкімі негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       "Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

    Атырау қазақ-түрік лицейі 1993 жылдан бері халқымыздың игілігіне қызмет көрсетіп келеді. Жыл сайын лицейімізді бітіріп шыққан түлектеріміз Қазақстанның және дүниежүзінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алып жүр.

    2011-2012 оқу жылында лицейімізде 252 оқушы білім алуда. 

 

Сайттың ашылу мақсаты

    Сайттың ашылу мақсаты - лицейіміз бен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу. Сыныбымыздың жаңалықтары туралы ата-аналарымызды дер кезінде хабардар ету. Және ең бастысы - оқушыларымыздың бірлігін арттыру.

 

Сынып жетекшісі: Сиқымбеков Руслан

Есіңізде жүрсін...

    Лицейімізге немесе сыныбымызға айтар тілегіңіз болса, "Guestbook" яғни қазақшасы "Тілек-дәптері" деген бөлімде өз лебізіңізді білдіре аласыз.