Барша ұстаздардың басын қосқан жиын

30/03/2012 21:10

 

    Үстіміздегі жылдың 27 наурыз күні Астана қаласындағы «Нұр Орда» Халықаралық мектебінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен,  «Заманауи мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық жолдары» тақырыбында республикалық семинар  өткізілді.

    Аталған семинардың басты  мақсаты - 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында жалпы білім беретін мектепте тәрбие жұмысының жүйесін жаңғырту жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында анықталған оқыту процесінің тәрбие беру компонентін күшейту идеясын іске асыру.
    Осынау маңызды басқосуға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы, «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Абдуррахман Сел, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті Абылқасымова Алма Есімбекқызы,  Облыстық және қалалалық білім басқармасының өкілдері,  Астана, Ақтөбе, Алматы және Көкшетау қалаларындағы  ЖОО орындарының профессорлары, 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында эксперименталдық үздік мектептердің директорлары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы саны 200-ге жуық мұғалімдер қатысты.
Мәлімет www.katev.kz сайтынан алынды
Back