Атырау ҚТЛ-де ата-аналар спартакиадасы

17/09/2012 17:56

 

Атырау қазақ-түрік лицейінің 20 жылдығына орай...

    Атырау қазақ-түрік лицейінің 20 жылдығына орай қыркүйек айының 16-ы күні ата-аналар арасында спартакиада өткізілді. Аталмыш спартакиада мини-футбол, волейбол және үстел теннисінен болды. Спартакиадаға барлық сынып ата-аналары белсенді түрде қатысты.

Мини-футболдан:

Жүлделі 1-орынды 10А сынып ата-аналары жеңіп алды.

Жүлделі 2-орынды 8Б сынып ата-аналары жеңіп алды;

Жүлделі 3-орынды 7А сыныбы мен 7Б сынып ата-аналары жеңіп алды;

Волейболдан:

Жүлделі 1-орынды 11А, 11Б сынып ата-аналарының құрама командасы жеңіп алды.

Жүлделі 2-орынды 8А сынып ата-аналары жеңіп алды;

Жүлделі 3-орынды 7Б сынып ата-аналары жеңіп алды;

Үстел теннисінен:

1-орынды 11А сынып ата-анасы Мырзалиев Серік жеңіп алды;

2-орынды 9Б сынып ата-анасы Касантаев Айдарбек жеңіп алды.

Жарыс соңынан жеңімпаз атанған сынып ата-аналары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Ұйымдастырылып отырған спартакиаданың басты мақсаты – Ата-ана, оқушы, мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Бүгінгі шараға қатысқан барлық ата-аналарымызға ризашылығымды білдіремін», - деп өз сөзінде лицей директоры Исмаил Эльма ата-аналарға рахметін айтты.

Ата-аналар атынан да 8А, 10А сынып ата-аналары сөз алып, лицей ұжымы мен басшылығына алғыстарын білдірді.

Back